{metadescription}
ВИДЕО: 76 жастағы әжей Байкалды конькимен кесіп өтуге мәжбүр

ВИДЕО: 76 жастағы әжей Байкалды конькимен кесіп өтуге мәжбүр

Байкалдың Хала қыстағында тұратын 76 жастағы әжей конькиді шебер меңгерген.

Оның конькиі сонау 1943 жылы шығарылған.

«1943 жылғы конькиім бар. Міне, қандай ескі болғанымен әлі де ұстараның жүзіндей зуылдап тұр!» — дейді Любовь Мореходова.
Әжей спортпен шұғылданғысы келіп еріккеннен конкьки теуіп жүр деп ойласаңыз, қателесесіз. Шын мәнісінде әжейдің тұрып жатқан қыстағында бірде-бір көлік, тіпті жол да жоқ. Сол себепті зейнеткер діттеген жерге жету үшін аяғына коньки байлауға мәжбүр.  

Басқа жерге көшіп кетуге оның құлқысы жоқ. Өйткені бұл жерде жастық дәуренін өткізген, сондықтан туып-өскен жерін қимайды. Ұлы көлдің жағасында өткізген ғұмыры мен өз үйі - өлең төсегін қисын ба...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде