{metadescription}
ФОТО: Психотроптық препараттар алкоголизмді жеңе алады

ФОТО: Психотроптық препараттар алкоголизмді жеңе алады

Австралия ғалымдары алкольдік ішімдіктің салдарынан болатын адам миындағы өзгерістермен күрес тәсілін ойлап тапты.

Бүгінгі күнде ішімдікке әуестік басты проблемалардың бірі. Қоғам ішімдікпен күні-бүгінге дейін күресіп келеді. Біріктірілген тәуелсіздік (физикалық және психологиялық) бұл дерттен арылуды қиындата түсуде.

Дегенмен Австралияның Квинсленд университетінің ғалымдары аталмыш дерттен арылудың жаңа тәсілін тапты.

 

Олар 15 апта бойы тышқандарға өте үлкен мөлшерде ішімдік беріп отырған.

Белгілі болғаны, тышқандардың миының белсенділігі төмендеген. Олардың миы нейронның жаңа талшықтарын шығаруды доғарған. Кейін тышқандарға антидепрессанттардың бір түрі  - тандоспирон берген.

Таң қаларлығы, тышқандардың миының жұмыс істеу қабілеті алғашқы қалпына оралған.

Сөйтіп, алкогольдік ішімдіктің адам миына салдарын жоюға болатыны дәлелденді.



 

.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде