{metadescription}
Кояшевич Қазақстан біріншілігіне қайта оралды

Кояшевич Қазақстан біріншілігіне қайта оралды

Қарағандылық "Шахтер" Черногория құрамасының жартылай қорғаушысы Дамир Кояшевичпен келісімшарт жасады.  


30 жастағы Кояшевич карьерасын "Дечич" командасында бастаған. Содан соң польшалық Ягеллонию" және "Гурник", черногориялық "Зета" және "Будучност", босниялық "Сараево" клубтарында ойнаған. 

2012 жылы жартылай қорғаушы Қазақстан біріншілігіне ауысып, үш жыл "Астана" сапында өнер көрсеттеді. Жалпы елордалық клуб сапында ол 77 кездесуге қатысып, 17 гол соқты. "Астанамен" бірге Қазақстан чемпионы, ел біріншілігінің күміс жүлдегері және Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды. 

"Астанадан" кеткеннен кейін ол ташкенттік "Локомотив" және черногориялық "Младость" клубтарының намысын қорғады. 2016 жылы македониялық "Вардармен" келісімшарт жасап, мұнда чемпионаттың алтын жүлдесін жеңді. Кояшевичтің соңғы ойнаған клуб сербиялық "Войводина" болды. 

Ол 2016 жылдан бері тұрақты түрде Черногория құрамасына шақырту алып келеді. Ұлттық құрамасы сапында осы уақытқа дейін 6 ойын өткізіп, 1 гол соққан.

ДЕРЕККӨЗ: Vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде