Мас жүргізуші жедел жәрдем дәрігерлерін қағып, оқиға болған жерден қашып кетті
Қостанай облысы Жетіқара қаласында үш жаяу жүргінші - жедел жәрдем дәрігерлерін қағып өлтірген көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты.
14:15 12.02.2018
Жетіқара аудандық соты 23 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
ҚР ҚК-нің 347 бабы: Жол ережесін бұзғаны, мас күйде көлік басқарғаны, адам өліміне әкелгені, оқиға болған жерден қашып кеткені үшін оны кінәлі деп тапты.
Сот оған 7 жыл 10 ай бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Және көлік басқару құқынан 7 жылға айыру үкімін шығарды.
Жетіқарада мас күйінде Lada-21723 автокөлігін айдаған. Жарығы жоқ Уәлиханов көшесінде жол ережесін ескермеген жігіт белгіленген жылдамдықты сақтамай, жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан үш дәрігерді қағып, оқиға орнына қашып кеткен.
ДЕРЕККӨЗ: Patrul.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!