Анасы мен екі баласының өліміне қатысы бар күдікті Таразда ұсталды
Шымкенттегі анасы мен екі баласының өліміне қатысы бар деген күдікті Тараздан қаласынан ұсталды.
15:52 12.02.2018
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің не себепті үш адамды бірдей өлтіргені анықталып жатыр.
Қазір күдікті қамауға алынып, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетсек, ауыр қылмыс осы жылдың 8 ақпанында Шымкенттегі жеке үйлердің бірінде үш адамды өлтіріп кеткен болатын.
Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер 50-55 жас шамасындағы әйел мен оның 22 және 13 жастағы екі баласы екенін анықтаған.
Кейін осы қылмысты жасаған күдіктіге іздеу жарияланған еді.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!