{metadescription}
Бойжеткеннің үстіне қайнаған май құйып жіберген

Бойжеткеннің үстіне қайнаған май құйып жіберген

Мұнайлы аудандық сотында вокзал маңындағы дәмхананың 20 жасар сатушысы Сымбат Қозыбайдың үстіне қайнаған май құйып жіберген айыпталушыға үкім оқылды. а» газетіне сілтеме жасап. 

Сот 31 жастағы Қасым Жұмахановты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру және материалдық залал ретінде 373 645 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жазасына кесті.

Бірақ Сымбат Қозыбай және оның туған-туыстары соттың бұл шешіміне келісер емес.

Олар үкімнің үстінен шағым түсірмек.

«Біз емдеу үшін бір миллионнан көп шығын шығардық. Бұдан басқа, Сымбатқа бірнеше рет пластикалық ота жасалуы тиіс. Осының бәріне ең кем дегенде төрт миллион кетеді», - дейді жәбірленушінің әпкесі Жаңагүл Естұрғанова.

Ал сотталушының қорғаушысы бүкіл процесс бойы оқиғаға қайнаған май толы қазан айнаның алдында тұрғаны үшін дәмхананың иесі мен Сымбаттың өзін айыптаумен болды.

Еске сала кетейік, ер адам таңғы бесте спиртті ішімдік сатудан бас тартқаны үшін 20 жастағы бойжеткеннің үстіне қайнап тұрған майды төгіп жіберген болатын.

Қыздың денесінің 30% күйік шалған. Қыздың туыстары күдіктіге қатысты «Бұзақылық» бабымен іс ашылғанына қатты наразылық білдіріп, былтырғы қарашада ол оқшаулағышқа жіберілген.

Кейін ҚР ІІМ-дегілер істің басқа баппен жүргізілетінін мәлімдеді.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде