{metadescription}
Түрмеден қашты: 27 жастағы сотталушы тәулік бойы іздестірілуде

Түрмеден қашты: 27 жастағы сотталушы тәулік бойы іздестірілуде

Оқшауланған мекемедегі 27 жастағы сотталушы тәулік бойы іздестіріліп жатыр.

«Қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген 1990 жылғы сотталушы осы мекемеде жұмыспен қамтылып, тұрып жүрген.  Оған берілген еркіндікті пайдаланған ол жұмыс орнын тастап, қашып кеткен», - деп хабарлады Павлодар облыстық қылмыстық-түзеу жүйесі департаментінің өкілі Мадина Нұркенова.

ҚАЖД дерегі бойынша, 27 жастағы ер адам тұтқындалғанға дейін Алматыда тұрған.

Ол 2013 жылы ҚР ҚК 360-бабы 1-бөлімі бойынша алты жыл жеті айға бас бостандығынан айырылған еді.

Ол Екібастұз қаласы Шідерті кентіндегі қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген, бірақ оны Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Павлодардағы 162/2 колониясына жұмысқа орналастырған.

Сол жерден қашып кеткен, деді М.Нұркенова.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат


 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде