Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы қанша
2018 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік борыш 13,5 трлн теңгені (40,6 млрд АҚШ доллары) немесе жалпы ішкі өнімнің 26 пайызын құрады.
12:00 13.02.2018
Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
2017 жылы бюджетке борыштық жүктеме кірістердің 15 пайыз лимитінде 8,8 деңгейінде қалыптасты.
Валюталық тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында 2016-2017 жылдары мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару ішкі нарықта ғана жүзеге асырылды.
2016 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017-2019 жылдарға арналған сыртқы қарыз алу қоржыны оңтайландырылды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында Euroclear жүйесі арқылы теңгемен еврооблигациялар шығару жоспарланған. Қарыз алу көздерін әртараптандыру мақсатында сондай-ақ, ислам облигациялары сукукты шығару да жоспарда бар», - деді Бақыт Сұлтанов.
Тимур Сүлейменов Қазақстанның мемлекеттік қарыздар деңгейі ерекше бақылауға алынатындығын атап өтті.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!