ФОТО: Әкімдіктен уақытша баспана алған бес бала тұл жетім қалды
Шымкент әкімдігінен уақытша баспана алған бес бала тұлдай жетім қалды.
14:36 13.02.2018
Еске салсақ, балалар әжесімен бірге тәкімдікке тиесілі жатақхананың үш бөлмелі пәтеріне көшіп барған болатын. Сол жерде өздерінің тұрғын үйге кезегін күтуі тиіс болды.
Бұл уақытта балалардың анасы ауруханада жатты. 12 ақпанда балалардың анасының қайтыс болғаны мәлім болды.
«Көпбалалы отбасының басына қайғы келді, бес баланың анасы ауруханада жатып көз жұмды...", — деп жазды шымкенттік мейірман жан инстаграм парақшасына.
Әке-шешесі бар бес балалы отбасы болатын. Анасы лейкемиямен ауырды. Емделе бастаған, бірақ үш химиялық емнен соң қаржы тапшылығы сезілді.
«Әкесі ақша табу үшін Атырауға аттанды. Ол 2017 жылдың 27 желтоқсанында Шымкентке келе жатып жол-көлік оқиғасынан мерт болды», — деп жазады мейірман жандар.
Осы уақыт бойы балалары қаңырап тұрған балабақшада тұрды. Анасы ауруханада жатқанда оларға әжесі бас-көз болды. Мейірман жандар бұл отбасына көмек көрсете бастағанда Шымкент әкімдігі балаларды әжесімен бірге жатақханаға орналастырды.
Балалар әлі күнге дейін азық-түлік пен киім-кешекке мұқтаж. Үй кезегі келмейінше, оларды жатақханадан шығармайтын болды. Тек кезекте тұрған анасы о дүниеде...
Тұлдай жетім қалған балалар мен оның әжесінің тағдыры енді қандай боларын ешкім білмейді.
ДЕРЕККӨЗ: Отырар
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!