ФОТО: Моңғолияның соңғы көшпенді бұғышылары туралы керемет суреттер
Фотограф Хамид Сардар-Афхами - Тибет және моңғол тілін жетік білетін Гарвард университетінің философия докторы.
16:00 13.02.2018
Ғалым он жылдам астам Тибетте тұрған, сосын цаатан - көшпенді тайпасының өмірін құжаттандыру үшін Моңғолияға аттанды.
Бұл халық күні-бүгінге дейін табиғат пен жабайы жануарлар арасында үйлесімді өмір сүруде. Көмек пен кеңесті ата-баба аруақтарынан сұрапйды.
Цаатандар Моңғолияның солтүстік-батысындағы Дархад бассейнінде тұрады.
Олардың өмірі толығымен қоныс аударатын бұғыға тәуелді: олар осы жануарларды асырап, тұқымын алады, сүтінен ірімшік жасап, етін жеп, терісін іске жаратады.
Моңғолияның соңғы көшпенді бұғы бағушыларының саны азайып келеді.
"Цаа" дегеніміз "бұғы", "цаатандар" - "бұғысы барлар", яғни "бұғышылар".
Хамид Сардар-Афхами бұл халықтың өзіндік ерекшелігі туралы фото жоба дайындап қана қоймай, сонымен бірге "Бұғышылар" деген деректі фильм түсірді.
Бұл тайпа бүркіт, аю, қасқырлармен рухани байланысқа шыға алады.
Құсбегілік - цаатандардың ежелгі кәсібі. Ол атадан балаға беріліп отырады.
Кұсбегілер бүркітті қолға үйретіп, тіпті оның азығын да (түлкі, суыр және т.б. ұсақ жануарлар) өздері тауып береді.
2010 жылғы халық санағының деректері бойынша бұғышылар саны 282 адамға дейін азайған.
ДЕРЕККӨЗ: Fishki.net
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!