Гейл МакКиннен Қазақстанда Голливуд киноларын түсіруді ұсынды
АҚШ киноиндустрия қауымдастығының вице-президенті Гейл МакКиннен Қазақстанда Голливуд киноларын түсіруді ұсынып отыр.
16:40 13.02.2018
«Мемлекет басшысы туризмді дамытудағы өңірлердің маңыздылығына тоқталған болатын. Осы себепті, біз еріктілерді жұмылдыру арқылы ұсақ құқыбұзушылықты барынша жоюды қарастырып жатырмыз. Туризмнің жаңа түрлерін дамыту да ерекше назарда. Олар - қасиетті, мәдени, танымдық, экологиялық, медициналық әрі спорттық туризм», - дейді Үкімет отырысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанға келіп жатқан туристердің саны жыл сайын артып келеді.
Ішкі туризм 25 пайыздық өсімді көрсетіп, 3,5 миллион адамға жеткен.
Туризм саласына салынған инвестиция 30 пайызға артқан. «Мемлекет басшысының жуықтағы АҚШ-қа сапары аясында америкалық бизнестердің «капитандарымен» кездесу өткізілді.
Ол кездесуге АҚШ киноиндустрия қауымдастығының вице-президенті Гейл МакКиннен қатысты.
Ол Голливудтың киноларын біздің елде түсіруді ұсынды. Әлбетте, мұндай ынтымақтастық имидждік қалпына керемет серпін беріп, туризм мен экономикаға миллиардтық «тиімділік» әкеледі», - деп түйді Ерлан Қожағапанов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!