{metadescription}
Қазақстандық жас дизайнердің топтамасы Милан Сән апталығында ұсынылады

Қазақстандық жас дизайнердің топтамасы Милан Сән апталығында ұсынылады

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Индира Білісбекова Миланда өтетін Оpening Milan Fashion Week – Сән апталығына қатысады.

Индира елімізде өткізілетін жас дизайнерлерге арналған «Сән мен Сахна» фестивалінің жеңімпазы. 

Биылғы Сән апталығында Индира Білісбекова Қазақстан елінің атынан шықпақшы. 

 Индира «Сән мен Сахна» байқауында екінші орын алған болатын. Аталмыш байқауға биыл 10 жыл толады. Бұл Миландағы ашық көрсетілімге бара жатқан үшінші жеңімпаз. 

«Біздің фестиваль жыл сайын өз жеңімпаздарын Миланға аттандырады. Сондай-ақ бұрындары қазақстандық дизайнерлерді Әзірбайжан, Түркияға шығарғанбыз», — деді бас директор Айдаш Ханым. 

Айта кетсек, Миландағы Сән апталығы 20-сыншы ақпанда басталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.