Жақында жаһандық апат болуы мүмкін
Америкалық зерттеушілер тобы әлемдегі ірі су жағалауындағы қалаларды ғасыр соңында су басуы мүмкіндігін анықтады.
10:07 14.02.2018
Олардың айтуынша, мұндай жаһандық апат теңіз деңгейінен судың жарты метрге дейін көтерілуінен болады.
Ғалымдардың мақаласы Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.
Мамандар спутниктегі 20 жыл бойы жиналған деректерге сараптама жасап, теңіз деңгейінің өсуін нақтылады.
Сөйтсе, 1993 жылдан бастап Әлемдік мұхиттағы су көлемі 0,084 миллиметрге дейін көтеріліп келеді.
Осы кезеңдегі орташа өсімді 2,9 миллиметр деп есептесе, 2005-2100 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 65 сантиметрге жетеді.
Олар жаңа зерттеуде мұздардың еруі мен вулкандардың атқылауы да қатты әсер етіп отырғанын анықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!