{metadescription}
Жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

Жүргізушісіз әуе таксиі шығарылады

Дубай әуе кеңістігінде жуық арада көліктің ерекше түрі - жүргізушісіз басқарылатын таксилер пайда болады. 

Дубай жол және көлік басқармасы көтерді. Жоба авторларының айтуынша, Дубайдың әуе таксилері - көліктің экологиялық таза түрі. Ол электрмен жұмыс істейтін болады. 

Жобаға сәйкес, ұшу ұзақтығы 30 минуттан, жылдамдығы сағатына 100 километрден, ал биіктігі 2 мың метрден аспайды. 

Әуе таксилерін шығару Дубай билігінің қоғамдық өмірге соны технологияларды енгізу жөніндегі ауқымды жоспарының құрамдас бөлігі болмақ. 

Бұдан бұрын БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бин Рәшид әл-Мактум 2030 жылға қарай қаладағы өздігінен жүретін көлік құралдары 25%-ға жететінін мәлімдеген болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде