{metadescription}
ФОТО: Жарты бетімен туылған қыз

ФОТО: Жарты бетімен туылған қыз

Қыздың туылғаннан бас сүйегінің жарты бөлігі дамымай қалған.

Иванка Денисова Братиславада туылды. Ол гольденхара синдромымен ауырады. Иванка туылғанда дәрігерлер 12 жылдан артық өмір сүрмейді деп болжаған.

 Алайда қыз көптеген отада кейін аман қалды. Чикагодағы отадан кейін Иванка алғаш рет оң құлағымен естіп, оң жағындағы тістерін қозғалта алатын болды.

Ол бала кезінде бетін шашымен жауып жүрді, өйткені оны көргендер мазақ қылған. Иванка оң жақ құлағымен нашар естіп, спортпен де дұрыс шұғылдана алмаған. Суық тисе ауруы асқына түсті.

Осыдан 3 жыл бұрын Иванкаға лейкемия диагнозы қойылған. 2017 жылы жазда оның сүйегіне 31 сағатқа созылған ота жасалды. Ал соңғы 13 сағатқа созылған ота Иванкның жақсы өмір сүруіне мол пайдасын тигізген.

«Мен әлемдегі ең бақытты адаммын. Бір жақ бетіме ота жасаттым. Содан кейінгі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жарты бетпен туылғандардың өмірі жеңіл болады деп айту қиын бірақ, үміт үзбеу керек», – дейді Иванка.

Иванка көмектесіп жүрген адамдар оны «күш иесі» деп атайды. Себебі ол айналасындарға қуаныш сыйлап жүреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде