ФОТО: Көзінен қан ағып жылаған әйел
Үндістанда күйеуі әйелінің қанды көз жасына қарамастан, жұбайын артқа қалдырып кете барды.
12:47 14.02.2018
Бихардың шығысындағы Сахарс қаласының Гита есімді тұрғыны гематидроз ауыруынан зардап шегеді. Осыған байланысты ол күйзеліп, қобалжитын болса, оның көзінен қан аға бастайды.
21 жасар қыздың айтуынша, күйеуі осы ауруына бола оны тастап кеткен. Әйелінің көзінен аққан қанды жұбайы оның сиқыршылық қасиеті бар деп масқаралаған.
Гитаның әкесі бұл аурудың күн сайын өршіп келе жатқанын, сондай-ақ басқа дене бөліктерінен де қан кетіп жатқанын айтады.
Дегенмен, жергілікті дәрігердің айтуынша қыздың қан қысымы қалыпты. Оның денсаулығында қан ұйып қалатындай мәселе жоқ екенін атап өтті
Гематидроз өте сирек кездесетін ауру. Адамзат тарихында бұл аурумен 30-дан астам адам ауырған. Психологиялық күйзеліс, қорқыныш кезінде науқастың тері қанмен араласып, нәтижесінде денесінен қызғылт немесе қызыл сұйықтық ағады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!