ФОТО: Қатерлі дертке шалдыққандарды қолдау үшін шашын тақырлап тастады
Қазақстандық әйел қоғамдағы мәселеге мемлекеттің назарын аударудың әдісін тапты.
15:38 14.02.2018
Ол шашын тақырлап қырып тастап, желіде видеожазба қалдырды.
«Не себепті онкологиялық аурумен ауырып жатқан науқастарға дер кезінде дәрі-дәрмегі берілмейді. Неліктен біздің медицина дер кезінде көмек көрсетпейді? . Олар 1-2 ай күтіп жата алмайды. Мүгедектер неліктен жыл сайын мүгедектігін дәлелдеуі тиіс? Даун синдромымен ауыратындардың бір жылда артық хромасомасы жоғалып кетеді деп ойлайсыздар ма? Әлде аяғы жоқ адамның келесі жылы аяғы шығып кете ме? Өмір бойы жазылмайтын науқастардан неліктен жыл сайын анықтама жинатқыза береді? Мемлекеттің назарын осы екі мәселеге аудартқым келеді», – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!