Сауд Арабиясында әйелдерге абайя кимеуге рұқсат берілді
Сауд Арабиясында әйелдерге қоғамдық орындарда абайя кимеуге рұқсат етілді, деп мәлімдеді Сауд Арабиясы шейхы Абдулла Әл-Мутлак. "Мұсылман әйелдерінің 90%-ы абайя кимейді, бізде оларды бұған мәжбүрлемеуіміз керек", — деп мәлімдеді ол телеарна арқылы сөйлеген сөзінде. Шейх Абдулла Аль-Мутлак Сауд Арабиясындағы жоғары діни органның мүшесі. Айта кетейік, мұндай мәлімдеме жоғары лауазымды дін өкілінің тарапынан алғаш рет жасалып отыр. Абайя – әйел адамның басынан аяғына дейін жауып тұратын, кең қара көйлек.
09:07 15.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!