{metadescription}
Азамат көлік алу үшін әйелінің бүйрегін сатпақшы болған

Азамат көлік алу үшін әйелінің бүйрегін сатпақшы болған

Адвокат Джохар Өтебеков бүйрегін сатып, көз жұмған донор ісінің мән-жайын айтып берді.

Айтуынша, алматылық азамат автокөлік алу үшін әйелінің бүйрегін сатпақшы болған. Тіпті, оған жұбайын көндірген.

Алайда әйелі екіқабат болғандықтан, бүйрегін бере алмайтын болған. Ақырында өз бүйрегін сатуға бел буған азамат көз жұмған.

«2016 жылдың маусым айында күйеуі әйеліне бүйрегін сатуды ұсынған. Түскен ақшаға қарызды өтейтінін және автокөлік сатып алатынын ескерткен. Артынша желіде хабарландыру қалдырған. Қараша айында оған астаналық әйел хабарласып, бүйрек үшін 4 миллион теңге ұсынса керек-ті. Ерлі-зайыптылар өзара келісіп, бүйректі сатуға бел буған. Бұдан кейін әйел тексерілу үшін Астанаға жол тартқан. Бір апта ішінде сараптама нәтижесі дайын болып, бүйректің сәйкес келетіні анықталған”, – дейді Джохар Өтебеков.

Алайда жоспарланған ота жасалмаған. Себебі әйелдің аяғы ауыр болып шыққан. Сол себепті де азамат өзі донор болуға келіскен.

“Кейінірек күйеуі әйеліне өз бүйрегін 10 мың долларға сататынын айтқан. Ақыры қайтыс болды. Ал үшінші бала әкесі өмірден озған соң дүниеге келді”, – дейді заңгер.

Сот бүйректі сатып алған мүгедек азаматты бір жылға бас бостандығынан айырған болатын. Алайда прокуратура кесілген жазаға келіспей, азаматты 6 жыл 8 айға қамауды сұраған-ды. Ал қос операцияны жасаған дәрігерлер жауапкершілікке тартылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде