{metadescription}
ВИДЕО: Ақтөбелік жігіт валентин ашық хаттарын жойды

ВИДЕО: Ақтөбелік жігіт валентин ашық хаттарын жойды

Ақтөбе қаласының тұрғыны валентин күніне арналып шығарылған ашық хаттардың көзін жою үшін, оларды сатып алған.

Жігіт біздің елімізде Әулие Валентин күні деп аталатын мейрам жоқ, сондықтан оларды таратуға болмайды деп наразылық білдірді.

«Менімен тағы бір адам осы ашықхаттарды сатып алды. Менің мақтанғаным емес. Біз тек оларды ешкім таратпасын деген оймен сатып алдық. Жастар жаман әдет алып кетпесін деген оймен жүзеге асырдық»,-дейді Ақтөбелік жігіт видеода.

Жігіттің ойынша, бұл біздің салт-дәстүрімізге тән емес.

«Осыған 20-50 теңгелеріңді құртқанша, онда сол ақшаны қайырымдылық қорапшасына салыңдар немесе мешітке апарып беріңдер»,-дейді жігіт.

Желіде әлі күнге дейін дау тудырып жүрген валентин күні туралы видео тарап жүр. Қазақтың салтына жат бүл күнді атап өтуге қарсылық білдірушілер саны өте көп. Белсенділер шет елдің мейрамын атап өткенше, өзіміздің төл мерекелерімізді ескергеніміз жөн дейді.

Дереккөз: Диапазон

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде