ФОТО: Өзінің әйел екенін 44 жылдан кейін білді
Чжэцзян провинциясының 44 жастағы тұрғыны Чэнь өзінің шын мәнінде әйел екенін 44 жыл өткенде бір-ақ біліп, шалқасынан түсе жаздады.
14:46 15.02.2018
Іші ауырып, қол-аяғы ісініп, мазасы қашқан 44 жастағы азамат дәрігерлерге қаралуға бел буады.
Дәрігерлер оған медициналық тексеріс жүргізгеннен кейін таң қаларлық мәлімдеме жасады.
Ер адамның ағзасында әйелдерге тән гормондар шамадан тыс болған. Оның үстіне Чэньде әйел затына тән жыныс мүшесі де бар болып шықты.
Компьютерлік томография ер адамның екі жынысты екенін көрсеткен. Ал өзін ер адам деп санап келген Чэнь енді әйелге айналуға дайын еместігін алға тартты.
Себебі, ол үйленіп, отбасын құрып үлгерген екен. Тіпті жарымен он жыл тұрып жатқан азамат дәрігерлерге өзінің әйел екенін білмейтінін айтып, сендіруде.
Алайда дәрігерлер осы уақытқа дейін ер адам жұтқыншағы жоқтығын және әйелге тән жыныс мүшесі барын байқамауы мүмкін емес деген пікірде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!