ФОТО: Балақай кір жуатын машинаға тіреліп қалды
Әпкесімен тығылмаш ойнап жүрген Володя кір жуатын машинаға жасырынуды жөн санаған.
15:18 15.02.2018
Украинаның Харьков қаласында тығылмаш ойнамақ болған жеті жасар Володя есімді балақай кір жуатын машинаға тіреліп қалып, ата-анасының зәресін ұшырды.
Алайда ішіне кіргеннен кейін шыға алмай қалған балақай ата-анасын айқайлап көмекке шақырған.
Ерлі-зайыптылар ұлын кір жуатын машинадан шығара алмайтынын түсініп, құтқарушыларға жүгінеді.
Төрт бірдей құтқарушы балақайды жарты сағат дегенде әзер алып шыққан. Олар машинаны және балақайдың басын әбден майлап, Володяны құрсаудан шығарады.
Балақай босай салысымен, анасының құшағына жүгірген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!