SpaceХ 17 ақпан күні тұңғыш ғаламтор серігін ұшырады
Алдағы сенбі, яғни ақпан айының 17 күні SpaceХ компаниясы кезекті Falcon 9 зымыранын ұшырады.
17:10 15.02.2018
Жоспар бойынша бұл жолы зымыран орбитаға радиотолқынды Испанияның Paz серігін жібереді.
Сонымен қатар ғарышқа тәжірибе жүзінде екі бірдей Microsat 2a және 2b желі таратушы ғаламтор серігі ұшырылады. 2
027 жылға қарай аталған серіктердің саны мыңға жетіп, жер шарының сыртын ғаламтормен қоршауды көздеп отыр.
SpaceX компаниясы Калифорниядағы Ванденберг әуе-әскери базасында кезекті Falcon 9 зымыранын ұшырады. Компания зымыранды тәжірибеден өткізіп дайындық жұмыстарын бастады.
Falcon 9 испаниялық Paz серігін 514 км жерге дейін жеткізеді. Ал қос ғаламтор таратушы серікті одан да жоғары биікке жеткізуді көздеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!