ФОТО: Бес жыл бойы нәр татпаған
Айлах-Боу Фоли сирек дертке шалдығу салдарынан тамақтанудан қалған.
18:51 15.02.2018
Бес жыл бойы нәр татпаған ару өмірінің соңына дейін аш жүруге мәжбүр.
Ас қорыту жүйесі толықтай істен шыққан Фоли дәрігерлер нақты диагноз қойғанға дейін қатты қиналып жүрген.
Үндістанға еріктілермен сапарлап қайтқан бойжеткен еліне оралғаннан кейін іші ауыра бастағанын байқайды. Дәрігерлер оның дертін анықтай алмай дал болып жүргенде Фоли 19 келі салмақ тастап жібереді.
Бойжеткен мүлде нәр татудан қалғанда оған Гастропарез деген диагноз қойылған.
Аталмыш дертке шалдыққандар мүлде ас қорыту мүмкіндігі болмауымен ерекшеленеді.
Нәтижесінде бес жыл бойы аузына тамақ алмаған ару тіршілікке қажетті заттарды жүрек тамырына жалғанған түтік арқылы алып жүр.
Бойжеткен күніне 14 сағатын дәрі тамызғышпен өткізеді. Фоли күнде аштық сезімінен арыла алмайтынын және тамақтану бақытын сезінбеу оңай еместігін айтып, ағынан жарылуда.
Төрт қабырғаға қамалып отыру да қиынға соғып жүргенін жасырмаған бойжеткен өмірге деген құштарлығының арқасында қиындықтарды еңсеріп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!