{metadescription}
Жүргізуші 50 адамды құтқарып, өзі ажал құшты

Жүргізуші 50 адамды құтқарып, өзі ажал құшты

Екі қабатты автобус жүргізушісі 50 жолаушыны құтқару үшін өз өмірін құрбан етті.

Таиландтың солтүстігіндегі таулы жолда өртенген екіқабат автобустың жүргізушісі 50 жолаушысын құтқарып, артынша өзі ажал құшты. 

Таиланд тұрғыны Самран Дуанг-Саат сәрсенбі күні кеште автобусымен Таиландағы жұмысынан Пхетчабуриден мьянмалық шекара арқылы Так провинциясына 50 кастербайтерді алып келе жатқан. 

Таулы жолда автобус қозғалтқышы кенеттен өртеніп, кейін салонды жалып шарпыған. Жүргізуші дереу автобусын тоқтатып, жолаушыларды сыртқа шығарған, кейін еріктілердің көмегімен өртті сөндіруге тырысқан.

Енді сөндіріп болған шақтарында қиырда тұрған автобус төменге қарай құлдилап жүріп кеткен.

Дуанг-Саат дереу кабинаға секіріп мініп, тоқтатпақшы болады, алайда тежегіш жүйесі істен шыққан. Асқан жылдамдықпен жүрген автобус сол бағыттағы тағы бір автобусқа соғылған. Салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапқан.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде