ФОТО: Тележүргізуші 25 жыл бойы гримнің көмегімен жүзін жасырып келген
Тележүргізуші бетіндегі жарасын 25 жыл көрерменнен жасырып келген.
11:04 16.02.2018
Амеиракалық жүргізуші Ли Томас 25 жасынан бастап терісінің өзгере бастағанын айтады. Беті өздігінен ағара бастаған.
«Дәрігерім, менде алапес дерті пайда болғанын, оның емі болғанымен дәрісі жоқ екенін айтты», – дейді ол.
Томас Ли бастапқыда мансап жолынан бас тартпақ болған. Бірақ ол ойынан қайтып, алға қарай ұмтылады. Ер адам тіпті әріптестеріне де терісіндегі өзгерісті байқатпаған.
Кейіннен жара оның қолына шыға бастайды. Осы кезде достары мен әріптестеріне дерті жайлы айтқан. Телеарна қызметкерлерінің бәрі оны қолдауға тырысады. Ли әлі күнге грим жағып,көрерменнің назарын жүзіне аудармауға тырысады.
Қазіргі уақытта қайырымдылық шараларға қатысып, өзіндей дерті бар жандарды қолдап жүр.
Алапес дерті – терінің өздігінен ағара бастауы. Мамандар бұл дертті әлі де толықтай зерттей алған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!