ФОТО: Әлемдегі ең қара түсті ғимарат салынды
Пхенчханда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарына орай таңғажайып сәулет өнерінің нысаны салынды.
12:27 16.02.2018
Жобаның авторы - британиялық сәулетші Асиф Кхан (Asif Кhan). Ол қайталанбас нәрсе жасауға тырысқан және оның қолынан келген сияқты.
Павильон салынған арнайы материал жарықтың 99% сіңіреді, сондықтан адамның көзі оны қара түс ретінде қабылдайды.
Бұл оптикалық иллюзия. Себебі, бұл жерде кең көлемді заттар тегіс болып, ештеңе жоқ сияқты көрінеді.
Сыртқы құрылымы, арнайы қондырғылар көмегімен- жұлдыздармен көмкерілгендей. Ғимаратқа қарасаң қараңғы түндегі жұлдызды кеңістікті еске салады.
«Қашықтықтан дизайн ғарыш кеңістігіне апаратын терезедей көрінеді. Сіз оған жақындаған сайын, бұл сезім арта түседі», - дейді сәулетші.
Сондай-ақ, павильонның ішінде «су бөлмесі» бар - әр минут сайын мульти-сенсорлық қондырғы судың 25 000 тамшысын шығарады. Келушілер сенсорлармен өзара әрекеттесіп оларға ритм бере алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!