ФОТО: Норвегиялықтар Олимпиадаға ерекше шалбар киген
Норвегиялықтардың керлингтен Олимпиадаға келген ойыншылары киген спорттық киімдері әлем назарына ілікті.
13:27 16.02.2018
Олар Пхенчхандағы қысқы Олимпиадаға ерекше шалбарлардың 11 түрін алып келген.
Шалбарлардың тарихы Ванкувер - 2010 уақытында басталған. Керлинг спортшыларының киімге берген тапсырысы қате келеді.
Уақыт тығыз болғандықтан, керлингші Кристофер Све интернеттен басқа шалбарларға тапсырыс береді.
Ол «Loudmouth» брендінің арнайы гольфке арналған шалбарларын алдырған. Олар қызыл, ақ, көк түсті ромбтары бар спорттық шалбарлар болатын.
«Бұл өзгеше шалбарлар спорт тарихында өзгеріс алып келді. Әрі жастарға қатты ұнағаны анық. Тіпті сәнге де енді», - дейді Тони.
«Басында Loudmouth-тан спорттық киім аламыз дегенде күлген болатынбыз. Әзіл деп ойладық. Алайда, елге бұл ұнайды деген ойда болмадық. Бұл Норвегияны танытудың бір әдісі ғана, түрлі түсті шалбар киюдің басқа қыры жоқ», - деді Торгер Нергор.
Қазіргі уақытта норвегиялық команданың әр ойыншысында 80-90 шалбар бар екен. Олар ойын алаңына алтыдан аса спорттық шалбарларын арқалап жүреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!