ВИДЕО: Ғалымдар Израиль шөлінде Марстағы тіршілікті бейнелеуде
Израильде Марстағы тіршілік туралы еліктеме сынақ өткізілді.
16:21 19.02.2018
Оның қатысушылары төрт күн бойы Негев шөлейт даласында орналасқан станция макетінде иен далада өмір сүрді.
Алты ғалым төрт күн бойы D-Mars станцияның макетінің ішінде болды. Ол шөл даланың қақ ортасында Мицпе-Рамонның жақын маңында орналасқан.
Осы уақыт ішінде олар бірнеше тәжірибе жасады: адамдардан оқшау өмір сүрудің психикаға әсері, радиация мөлшерін бақылау, топырақты зерттеу.
Ғалымдар сыртқы дүниемен тек спутник арқылы байланысты.
Ал станцияның сыртына тек скафандрмен шықты.
Ядролық-физик Гай Ронның айтуынша, бұл жобаның ерекшелігі Мицпе-Рамонның жері Марсқа ұқсайды. Ландшафт, кепкен жер, алыс жер және томаға-тұйық жер. D-Mars тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен бірге студенттердің ғарышқа деген қызығушылығын оятады.
Марсиандық станция алты бөлмеден құралған - ас үй, басқару пункты, екі зертхана, азық-түлік және шағын капсулалы жекеленген жатын бөлмесі. D-Mars - ғалымдар мен израильдық ғарыш агенттігінің бірлескен Таяу Шығыс мемлекетте тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!