{metadescription}
ВИДЕО: Олимпиадада француз спортшы қызының омырауы ашылып қалды

ВИДЕО: Олимпиадада француз спортшы қызының омырауы ашылып қалды

Олимпиада ойындарында күтпеген оқиға жиі болып тұрады.

Соның бірі бүгін орын алды.

Пхенчханда өтіп жатқан Қысқы олимпиадада мәнерлеп сырғанаушы француздық жұп Габриэла Пападакис / Гийом Сизерон ыңғайсыз жағдайға қалды.

Мәнерлеп сырғанаудан мұз айдынында өнер көрсетіп жатқан кезде Габриэланың көйлегі ашылып, төсі жарқырап көрінді.

Көйлегінің артында төсін ұстап тұрған жібі үзіліп кеткен болу керек.

Дегенмен спортшы сасқан жоқ, мәнерлеп сырғанауын еш тоқтамастан аяқтады. Тіпті қысқа бағдарламадан екінші орын алды. Жиған балл - 81,93. 

"Костюмім ашылып сасып қалдым. Мұндайды бірінші рет басымнан кешіріп тұрмын. Соған қарамастан кідіріссіз ойынымды абыроймен аяқтауға тырыстым. Бұл Олимпиадада сұмдық жағдайды басымнан кешірдім. Бірден сездім бұны. Құдайға сыйындым, қолымнан бар келгені осы болды" - деді Габриэла.