ФОТО: Тыр-жалаңаш күйде ұлттық жануарға мінген британдыққа жаза кесілмек
Ұлыбритания тұрғыны Лиам Кокс Сиаргао аралында бірнеше жыл бойы туристік гид боп жұмыс істейді.
17:17 20.02.2018
Ол аралдағы демалушыларға "карабао-бұқасымен мас родео" ұйымдастырумен айналысқан.
Езуі жиылмайтын көңілді британдық ішімдікке тойып алып бұқамен шапқылаған туристерді суретке түсіріп күнін көңілді өткізіп келді.
Бірақ бір күні сондай бір суреттердің бірі әлеуметтік желіде жарияланып, жұрт көзіне түсті.
Айта кетсек, карабао - Филиппин президенті Эмилио Агинальдоның сүйікті жануары.
Осыған қатысты дау өршіген соң Кокс кешірім сұрады. Алайда жергілікті полиция оны сотқа берді.
Билік пен жергілікті тұрғындар Лиамға қатты өшігіп алды.
Ұлыбритания азаматы бірнеше жыл бойы аралда демалушыларға мас родео ұйымдастырып келген. Карабао - Филиппинде ұлттық жануар.
Сол себепті Лиам Коксқа қарсы Филиппин дәстүрі мен мәдениетін мазақ қылғаны үшін сотқа арыз жазылды.
"Іс прокурорларға жіберіліп, олар қандай жаза кесуді шешетін болады", - деді Суригао қаласының полиция бастығы Джоэл Лионг.
Ал британдық өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!