{metadescription}
ВИДЕО: Жүкті Кейт Миддлтон аяғынан тік тұрып бірнеше сағат бойы қонақ күтті

ВИДЕО: Жүкті Кейт Миддлтон аяғынан тік тұрып бірнеше сағат бойы қонақ күтті

Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон мен Уэссекс графинясы Софи Ұлттар достастығының 52 елінен ең сәнді адамдарды қабылдады.

Ұлыбританияның және Ұлттар достастығының ең сәнді адамдары дүйсенбіде Букингем сарайына лондондық сән апталығының құрметіне орай шақырылды.

Іс-шараны  Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон мен графиня Уэссек Софи ұйымдастырды.

Жаңа трендтер туралы пікір алысу дәстүрін кезінде Елизавета бастаған болатын.

Сондықтан Ұлыбритания патшайымы аясында өткізілетін сәнді кешке келу - үлкен құрмет.

Салтанатты шараға арналып көрме ұйымдастырылды. Ынтымақтастық елдер өз киімдерін ұсынды.

Іс-шараның мақсаты - сәнді элита арасында серіктестік қарым-қатынас орнату.

танымал қонақтардың ішінде  Vogue журналының бас редакторы Анна Винтур, оның әріптесі  Эдвард Эннинфул, дизайнер Стелла Маккартни, модель Наоми Кемпбелл болды.

Кейт Миддлтонның жүкті болғанына жеті ай. Соған қарамастан ол биік өкшелі туфлимен кеш бойы аяғынан тік тұрып қонақ күтті.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде