{metadescription}
Ашығып қалған шошқалар 80 жастағы қарияны жеп қойды

Ашығып қалған шошқалар 80 жастағы қарияны жеп қойды

Украинаның Николаев облысындағы Ковалевка ауылында 80 жастағы азаматтың үйіндегі шошқалар оның денесінің жартысын жеп қойған.

Марқұмның көршілері оның әбден таланып тастаған денесін өз ауласынан тауып алған.

Қарияның қолдары мен ішкі ағзаларын шошқалар жеп қойды деген болжам бар.

Қайтыс болған азаматты таныстары соңғы рет 17 ақпан күні көріпті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз ауласында қайтыс болған соң, ашығып қалған шошқалары денесін талап тастаған.

Азамат вьетнамдық шошқаларды алты жылдан астам уақыт баққан екен.

"Шошқалар оны талап тастаған. Олар енді адамның да дәмін татып қалды. Балаларымыз ойнап көшеде жүреді. Біз енді қорқа бастадық", - дейді көршілер.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.