{metadescription}
Алматыда жолақы қымбаттамайды

Алматыда жолақы қымбаттамайды

Бауыржан Байбек Алматы қаласындағы қоғамдық көліктердің тарифін көтермейтінін айтты.

"Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" қоғамдық көліктегі тарифті көтеру туралы айтты. Субсидия бөлуді талап етіп отыр. Бірақ қызмет көрсету сапасын арттырғылары келмейді.

"Қостанайда қоғамдық көліктерде жүру құны 100 теңге" дегенді алға тартады. Тасымалдаушылар 20 жыл бойы ақшаны күреп тауып келді. Енді әкімдік жағдайды қадағалап, тәртіп орнатқанда өздерінің жұмыс сапасына қарамай, шу шағарып жатыр", – деді Бауыржан Байбек. 

Әкім Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Тоқтасынұлынан мән-жайды түсіндіруін сұрады. 

"Сөзіңіздің жаны бар. Бірақ сізге кейбір ақпараттарды қате жеткізетін сияқты. Тасымалдаушылар да тынбай еңбектеніп жатыр", – деді Сағындық Тоқтасынұлы. 

"Сіздер қызмет көрсету сапасын көтермейінше, тарифті көтермейміз. Тиімді жұмыс істеуді үйрену керек. Қызмет көрсету сапасы көтерілген кезде сөйлесеміз немесе дұрыс, адал жұмыс істейтіндерге береміз", – деді қала әкімі Бауыржан Байбек. 

Қаңтар айында тасымалдаушылар шығындары толық жабылмайтынын айтып, тарифті көбейтуді немесе субсидия бөлуді талап еткен еді. 

Дереккөз: today.kz
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде