17 жастағы студент құлағында құлаққап еріп қайтыс болды
17 жастағы студент қыз қуат көзіне қосылып тұрған телефонды пайдаланып тұрған сәтте тоқ ұрып қайтыс болған.
11:53 21.02.2018
Ал ауруханада дәрігерлер оның құлағында тұрған құлаққаптың еріп кеткенін байқаған.
Луизаны өз пәтерінде ес-түзсіз жатқан жерінен әжесі көріп қалыпты. Оқиға кешкі бестер шамасында болған.
Луиза қолына ұстаған телефон электр қуатынан жарылып кеткен екен. Қайғылы оқиға орын алған сәтте далада нөсер жауын жауып, найзағай ойнап тұрған.
Алдын ала болжам бойынша, мамандар трагедияға қолайсыз ауа-райы да себеп болуы мүмкін деп отыр.
Студент өлімінің нақты себептері тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!