ВИДЕО: Денесінен 16 ине табылған нәрестенің жағдайы жақсарып келеді
Денесінен 16 ине табылған сәби туралы ақпарат қаңтар айында тарады.
09:56 22.02.2018
Өзбекстан ауруханаларының біріне ауыр халде 11 айлық сәби келіп түсті.
Дәрігерлер 9 сағат бойы ота жасап, сәбидің денесінен 13 инені алып шықты.
Баланың денесінде әлі де үш ине бар. Алайда дәрігерлер қалған үш инені баланың жағдайы тұрақталған кезде алған дұрыс деп отыр.
Қазіргі таңда отадан кейін бір ай уақыт өтті. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы жақсарып келеді. Бала 6 ақпан күні 1 жасқа толған.
Ал баланың денесіне инелердің қандай жолмен түскені белгісіз. Оны құқық қорғау органдары анықтайтын болады.
Бір анығы, ата-анасы сәбидің дене қызуы көтерілгендіктен ауруханаға жеткізген.
Дереккөз: «Өзбекстан-24» арнасы
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!