{metadescription}
ВИДЕО: Ақтөбе тұрғыны медбикеден соққы жеді

ВИДЕО: Ақтөбе тұрғыны медбикеден соққы жеді

Баланың анасы медбикенің әрекетін видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберген.

Әріптестері медбикені өзін ұстай алмағандықтан осылай жасағанын, науқастардың медбикенің шамына тиген сәті видеоға түсірілмегенін айтады, деп хабарлайды .

Ақтөбедегі  №2 емханада медбике өзін видеоға түсіріп тұрған әйелді ұрып жіберді.

Желіде тараған видеоны көргендер әр түрлі ой қорытты. Бірі маманның өзін олай ұстағаны бұрыс екенін айтса, енді бірі оның жақсы маман екенін, видео авторының ісі дұрыс болмағанын айтуда.

«Науқас баласымен бірге бізде бұрыннан бері тіркеуде тұр. Ол медбикеге үнемі қаралып жүрді. Ольга К. Ылғи көмек көрсететін. Кезексіз қабылдап жүрді. Осы жолы әйел енесі мен күйеуін ертіп келген. Видеода ұрыстың қалай басталғаны түспеген.  Соңында медбикенің төзімі таусылып, науқасты ұрып жіберген сәтін түсіріп алған. Медбике білімді маман. Бірақ ол отбасынан кешірім сұрады», – дейді бөлім меңгерушісі Марина Есетова.

«Біз комиссия құрдық. Құрамында заңгер, бөлім меңгерушісі, дәрігерлер мен медбикелер бар. Науқастың айтқаны бізге заң деп түсіндірдім. Медбикені жұмыстан қууға негіз жоқ. Бұрын сөгіс алмаған. Ескерту жасалмаған. Ал, бұл әрекеті үшін медбике мен бөлім меңгерушісі қатаң сөгіс алды», – дейді бас дәрігер Қайырбек Тоқтаров.

Дереккөз: Диапазон

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде