{metadescription}
Жаңа Зеландия Қазақстаннан озып кетті

Жаңа Зеландия Қазақстаннан озып кетті

Жаңа Зеландия бір күнде екі медаль жеңіп, Олимпиада ойындарында Қазақстаннан озып кетті.

Қазіргі өтіп жатқан Олимпиада ойындары осы елден небәрі 20 спортшы қатысып жатыр.

Оңтүстіккореялық Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Жаңа Зеландия құрамасы бір күнде екі медаль жеңіп алды.

16 жастағы фристайлышы Нико Портеус ски-хафпайп сайысында үшінші орынды иеленді. Бұл Жаңа Зеландия үшін қысқы Ойындар тарихындадағы үшінші медаль.

Сонымен қатар, жаңазеландиялықтар тағы бір медаль иеленді - сноубордшы Зои Садовски-Синнотт биг-эйр сайысында тағы бір қола медальды иеленді.

Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан ел үшін бұл күн мемлекет үшін ең табысты күн болып саналады.

Соның арқасында Жаңа Зеландия Испаниямен тең түсіп, жалпы есепте 24-ші орынға көтерілді. Тізімнің ең соңғы сатысында бір ғана қола медальмен Қазақстан, Латвия және Лихтенштейн тұр.

Дереккөз: vesti.kz
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде