ФОТО: Смартфонды енді ауамен қуаттандыруға болады
Америкалық ғалымдар атмосферадан электр қуатын өндіре алатын құрылғыны ойлап тапты.
15:23 22.02.2018
Зерттеушілердің айтуынша, аппарат ауа температураның күнделікті тербелуі әсерінен жұмыс істейді.
Мәселен, күндізгі және түнгі ауа температурасының айырмашылығы 10 градус Цельсий болған кезде ол 1,3 милливат энергия және 350 милливольт қуат өндіреді.
Бұл қарапайым датчиктер мен байланыс құралдарының жұмысын қамтамасыз етуге толығымен жеткілікті.
Құрылғы үсті графен қабатымен қапталған және арнайы балауыз толтырылған мыс пен никельдің металл көбігінен тұрады.
Нәтижесінде аппараттың бір жағы жылу бөліп шығарады, ал екінші жағы оны жинақтайды. Ғалымдардың мәлімдеуінше, температураның осындай тербелуі электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
Зерттеушілер термиялық резонатордың жаңа жүйесі энергияның басқа көздерін немесе батареяларды пайдалануды талап етпестен, қашықтықтан зондтау жүйесінің көп жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алатындығына сенімді.
Сондықтан, ғалымдар болашақта аппараттың қуатын арттырып, смартфондарды қоса алғанда мобильдік құрылғыларды қуаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Болашақта термалды резонатор шалғай өңірлерлерді электрлендіруге, сондай-ақ ғарышкерлерді электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!