ВИДЕО: 3300 жылы ақырзаман орнайтынын айтты
Францияда пайда болған «болашақтан келген қонақ» Жер шары тұрғындарына видео-үндеу жазып таратқан.
19:20 22.02.2018
The Mirror басылымының хабарлайынша, ол өзін Еуропалық империяда 3258 жылғы 1 желтоқсанда дүниеге келгеніне сенімді.
Ол 3300 жылы адамзат баласы «суперкомпьютер» басқаратын саналы роботтар әскерімен соғысатын болады.
Сонымен қатар, адамдарға бұл соғыста басқа галактикадан келген өзге ғаламшарлықтар көмектеседі.
«Болашаққа саяхатшы» сонымен қатар алдағы уақытта өсімдіктер мен жануарлардың саны азаятынын мәлімдеген.
«Болашақтан келген қонақ» өзінің саяхатының ең соңында Жер бетінде бүкіл технологиядан айырылған 250-ге тарта адам қалатынын көргенін айтады. Ол Жер бетіне адамзат баласын ғаламат қауіптен құтқару үшін оралғанын айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!