Күйеуінің үйін өртеймін деп 19 үйді отқа орады
Кегі кеткен әйел күйеуінің үйін өртеймін деп 19 үйді отқа ораған.
08:26 23.02.2018
Аталмыш оқиға АҚШ-тың Полдинг штатында орын алған.
48 жастағы Адриен Саттерли таяу күндері күйеуімен ажырасқан екен. Алайда сот үкімімен олардың ортақ үйін күйеуі еншілеп алғанға ұқсайды.
Кегі кеткен әйел адам күйеуі жоқта оның ас үйіне келіп, оттың көзін ашқан.
Тілсіз жау лезде үйді отқа жаматып, көрші тұрған үйлерді түгелдей отқа ораған екен.
Абырой болғанда адмға зақым келмеген. Тек жалын екі жануардың өмірін қиған екен.
Енді әйел адам абақтыға тоғытылып отыр. Қызғаныштың оты қызыл болады деген осы шығар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!