Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварес арасында болатын жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды.
09:55 23.02.2018
Реванш бірінші жекпе-жек өткен жер Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Бұл туралы кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин айтты.
«Реванш бірінші жекпе-жек өтетін жерде болса әділ болар еді. Бұл жолы судьяның шешімімен драма болмайды. Бірінші жекпе-жекте барлық белдіктерім өзімде қалып, рингтен чемпион болып кеттім. Мен екінші жекпе-жекте де жеңісті қолдан бермеймін. Бұл менің рекордтық жекпе-жегім болады, және өзім үшін де, T-Mobile Arena үшін де ұмытылмас түн болады», - дейді боксшы.
Бірінші жекпе-жек 16 қыркүйекте болған және теңбе-тең болып аяқталған. Бокс әлеміндегілердің басым бөлігі жеңіс Головкинге берілуі керектігін айтқан болатын.
Дереккөз: sports.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!