Жерде сұлап жатқан ақсақалға ауруханада көмек көрсетпеді
Жерде сұлап жатқан ақсақалға көмек көрсетпеген аурухананы адамдар концлагерге теңеп жатыр. Оқиға Ресей елінің Новосибирск қаласында орын алған екен. Аталмыш суретті ауруханаға келген науқастардың бірі түсіріп алған. Кейін оны фейсбук парақшасында жария етеді. Оның пайымынша егде жастағы әйел адам шу шығармаса сөлі сарқылған азаматқа ешкім көмек бермек ойы болмаған. Көп ұзамай әйел адам фб парақшасынан өз постын алып тастаған. Қазір аталмыш оқиғаға байланысты қандай шара қолданып жатқаны белгісіз.
10:49 23.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!