Бұтына жіберіп қойған баласын ұрып өлтірген
Бұтына жіберіп қойған баласын ұрып өлтірген ана қамауға алынды. Аталмыш қаралы оқиға Қырғыстан елінде орын алған. Ош қаласының 23 жастағы азаматшасы туған баласын соққыға жығып, комаға түсірген. Мұндай ашуға себекер болғаны - баласының бұтына дәрет сындыруы екен. 3 жастағы балаға тән қасиеттің неге әйелді мұнша ашуға міндіргені белгісіз. Алайда ауыр жарақатпен ауруханаға түскен бала үш күнге жетпей көз жұмған. Қазіргі таңда тасбауыр ананың үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.
11:43 23.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!