{metadescription}
ФОТО: Әлемдегі ең үлкен ми ісігі алынды

ФОТО: Әлемдегі ең үлкен ми ісігі алынды

Үндістанда жеті сағаттық ота жасау нәтижесінде хирургтар 31 жастағы Сантлалу Палудың басынан салмағы шамамен екі келі болатын ми ісігін алып тастады.

Дәрігерлердің айтуынша, ми ісігі өте үлкен болған. Тіпті ол жігіт сырт көзге екі басты адам сияқты болып көрінген.

Сантал осы уақытқа дейін үш ауруханаға барған. Бірақ оған ешкім көмектесе алмапты.

Дәрігерлер күрделі ота жасағаннан кейін науқастың ми ісігінің салмағын өлшеп көрген. Оның салмағы 1,87 келі екені анықталған. Бұл әлемдегі ең үлкен ми ісігі болып табылады.

«Бұл өте күрделі ота болды», - дейді Мумбайдағы «BYL Nair» ауруханасының нейрохирургия бөлімінің басшысы Тримурти Надкарни.

Сондай-ақ, хирургиялық ота алдында жігіттің көру қабілеті нашар болатын. Дәрігерлер алдағы уақытта науқастың көзінің көру қабілеті жақсарады деп үміттенеді.

Хирургтардың жігітке операция жасалмаған жағдайда оның толығымен сал ауруына шалдығуы әбден мүмкін еді деп отыр.

Мумбайда өткен операция алты сағатқа созылыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.