Жаңа әліпбидің смартфонға арналған пернетақтасы пайда болды
Жақында ғана Нұрсұлтан Назарбаев өзгеріс енгізген латын әліпбиінің смартфондар үшін пернетақтасы жасалды.
14:41 23.02.2018
Қазір пернетақта Android пен MacBook қолданушылары үшін қол жетімді.
Оны программист Данияр Муханов 2-3 күннің ішінде жасап шыққан.
"Жаңа латын әліпбиінің пернетақтасын Android үшін java тілінде, MacBook үшін ukulele тілінде жаздым. Android пен MacBook-қа орнатуға болады. IOS-қа арналған пернетақтаны Zero To One Labs-тағы әріптестерім жасады, ол енді шығады. Смартфонға ыңғайлылығы жағын қолданушылар айтар. Мен әліпби қолданушысы ретінде жаңа әліпбиді бұрынғыдан жақсырақ дер едім. "У" әрпінің оқуға да, жазуға да ыңғайсыздығы бар. "И" мен "І" әрпі де әлі мінсіз емес. Басқасына көңілім тоқ", – деді Данияр Муханов.
Жаңа латын әліпбиі пернетақтасының құрастырылғанына бір күн өтсе де жүзден астам адам смартфонына қондырып алған.
Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізген болатын.
Дереккөз: Today.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!