{metadescription}
ФОТО: Кенгуру аңшыны нокаутпен құлатты

ФОТО: Кенгуру аңшыны нокаутпен құлатты

Австралиялық жігіт кенгуру аулауға шығамын деп, жағын сындырып опық жеп қайтты.

19 жастағы Джошуа Хайден ағасымен бірге көлікке отырып Австралияның батысында орналасқан Келлерберриннің маңында кенгуру ауламақшы болған.

Хайденнің айтуынша, ол үш кенгуруды көре сала көліктен басын шығарып, жануарды атып өлтіргісі келіпті.Сол сәтте бір кенгуру жоқ болып кеткен.

Ал аңшы жігіт қалған екі жануарды мылтығымен көздеп тұрғанында үшіншісі келіп көліктегілерге шабуылдаған.  Кенгурудың мықтылығы сонша, тіпті көліктің алдыңғы әйнегін шағып Хайденді нокаутпен құлатқан.

«Ол бәрін қас-қағым сәтте жасады. Көлікке шабуылдап алдыңғы әйнекті сындырып, одан кейін артқа қарай секіріп мені соққыға жықты»,-дейді аңшы жігіт.

Қатты соққыдан Хайден есінен танып қалған. Жігіт өз-өзіне келген соң бірден аурухана жеткізілді.

Дәрігерлер Хайденнің бет-әлпеті қатты ісіп кеткенін айтты. Сонымен қатар кенгуру жасаған жарақат ота жасауға келмейді деп, жігітке бетіндегі ісік басылғанша он шақты күн күте тұруға кеңес берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде