{metadescription}
50-ден астам адам тандыр наннан  уланып, ауруханаға түсті

50-ден астам адам тандыр наннан уланып, ауруханаға түсті

Науқастар ұн құрамындағы улы өсімдік гелиотроптан зардап шеккен.

Тәжікстанда улы ұннан жасалған тандыр нан жеген 50-ден астам адам ауруханаға түсті.

Таулы-Бадахшан автономды облысы Ишкашим ауданында он алты бала мен 38 ересек адам зардап шеккен.

"Бәрі де дәрігерлердің ерекше бақылауына алынған. Жағдайлары жақсарған соң, ауруханадан шығарылады", — деп атап өтті Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Тәжіктерде бастапқы ауру нышандары 17 қаңтарда байқалыпты.

Сөйтсе, дертке шалдыққандардың бәрі құрамында улы өсімдік – гелиотроп бар ұннан жасалған тандыр нан жеген екен.

31 қаңтарда уланып қалған 11 жастағы бала көз жұмды.

Дереккөз: Sputnik Тәжікстан

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде