Суда шомылып жүрген әйелге акула тап берді
Сиднейдің оңтүстігіндегі Конгвонг жағажайында 50 жастағы әйелге акула тап берді. Әйел қауіпті саналатын ақ акуланың шабуылына тап болған. Нәтижесінде оның аяғы жараланып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайы қалыпты екенін айтты. Ал жергілікті билік орын алған оқиғаға алаңдаушылық танытып отыр. Ауданы мэрі Рэндвик Линси Шури мәлімдегендей, болған жағдайдан кейін барлығы шошып қалған. Сонымен қатар ол Ботани шығанағындағы барлық жағажай «айрықша ескертуге» дейін жабық болатынын хабарлады.
14:13 24.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!