Винокуров: Астана велокомандасы жабылуы мүмкін
«Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров команда төңірегіндегі жағдай туралы айтып берді.
15:00 24.02.2018
Спортшының сөзінше, қаржы бөлінбегеннен кейін, жоба жабылудың алдында тұрған көрінеді.
Винокуровтың айтуынша, бірер айдан кейін маусым басталады. Команда жаттығу жиындарын да өткізген.
Алайда жыл басынан бері жобаға қаржы бөлінбепті.
«Жарыстарға үнемделген қаражат есебінен барып жүрміз. Спортшыларға жалақы төленіп жатқан жоқ», – дейді ол.
Велошабандоздың сөзінше, қазіргі уақытта жағдай ушыға түскен. Тіпті, салдарынан жоба жабылып қалуы мүмкін.
«Бұған дейін Елбасының бастамасымен құрылып, спортта өз нәтижесін көрсеткен жобаға қауіп төніп тұрғаны өкінішті», – дейді спортшы.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!